Екі зауыты бар Ақтөбеде көлікке құятын газ тапшы
Газ өндіретін қос бірдей зауыты бар Ақтөбеде көлікке құятын газ тапшы. Газ іздеген жүргізушілер бекет жағалап сабылып жүр. Газы бар бекеттердің өзінде тек талонмен береді.
Автор: Жаңалық Ахаш
28.09.2020
Аймақтағы газ бекеттерінде сұйық газ осыдан үш күн бұрын біткен. Қорында қалғанын алдын ала келісім-шартқа отырған мекемеле көліктеріне ғана таратады. Ал қолма-қол ақшаға сатып алу үшін қаладағы біраз бекетті шарлайсың. Биліктегілер автогаз тапшылығын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясына тиесілі зауыттағы жөндеу жұмысымен байланыстырады. Энергетика министрлігін алдын ала ескертіп, қыркүйектегі облысқа бөлінетін көлік газының көлемін де үш мың тоннаға азайтқан. Бірақ қалған 10 мың тоннаның өзін Ақтөбеге жеткізе алмаған. Оны көршілес Атыраудан тасуға газ желісі ұйымдары бас тартыпты. «Енді апта соңына таман өңірдегі зауыттарда жөндеу аяқталып, тапшылық болмайды» - деп сендіреді әкімдіктегілер.
Айбек Қайыр, Ақтөбе облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:
- Атыраудан өздері алған жоқ. Неге десеңіз, ол газ мына жолдың ақысы мен жаңағы ертең өзіміздің тұрғындарға қымбаттайды деп алынған жоқ. Негізі бекітілген мөлшер ГСО-лардың өзі алған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!