{metadescription}
Қазан айынан бастап темекі жаңа шартпен сатылады
Қазан айынан бастап темекі жаңа шартпен сатылады

Қазан айынан бастап темекі жаңа шартпен сатылады

Елімізде қазан айынан бастап темекі жаңа шартпен сатылады. Өйткені бұдан былай темекі өнімдері міндетті түрде сандық таңбалануы қажет. Ал шылымды сатар кезде 2Д сканер қолданылуы тиіс.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Қазан айының 1-нен бастап темекі өнімдерін сататын кәсіпкерлерде 2Д сканер болуы тиіс. Келер жылдың басына дейін кәсіпкерлерге бұл сканерді алуына уақыты бар. Бағасы да қол жетімді. Шамамен 25-30 мың теңге арасында тұрады.

Мамандардың айтуынша, мұндай қадам тұтынушыларға жасанды, арзан әрі контрафактілік өнімдерден сақтануға мүмкіндік береді. Себебі, 2Д сканер қораптағы сандық таңба арқылы қажетті мәліметтерді оқи алады. «Ал мұндай құрылғыға қолы жетпеген кәсіпкерлер арнайы морбильдік қосымшаны пайдалануына болады», - дейді Қаржы министрлігінің өкілдері.

Лариса Буденко, жеке кәсіпкер:

Бірінші кезекте тауар жеткізушілер ғана хабар берді. Бізге келісім-шарттарын алып келген. Бұл жүйені толықтай түсінбейміз. Сондықтан қорқып отырған жайымыз бар. Өйткені кез келген бастама кәсіпкерлердің қалтасын қағып, қосымша шығынға батыратыны анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде