{metadescription}
Баку мен Ереван қарулы қақтығысқа бір-бірін кінәлайды  
Баку мен Ереван қарулы қақтығысқа бір-бірін кінәлайды  

Баку мен Ереван қарулы қақтығысқа бір-бірін кінәлайды  

Әзірбайжан мен Армения бірінен соң бірі әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады. Өйткені Таулы Қарабақтағы атыс-шабыс кешелі бері тоқтамай жатыр. Екі жақтан ондаған адамның өлгені айтылды. Қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар көп. Тараптар қақтығысты бастады деп бірін бірі айыптауда. Армения билігі тіпті Таулы Қарабақты тәуелсіз ел деп жариялауға дайын отыр.

Таулы Қарабаққа бұл жексенбі жансебілмен өтті. Жарылыс дауысынан құлақ тұнды. Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі қарсыластың әуе шабуылынан кейін Талыш ауылынан кеткенін мәлімдеді. Айтуларынша, әскер міндеті Арменияның танкісін жойып, аумақты басып алудан қорғау болған.

Таулы Қарабақ билігі Талыш ауданындағы бірнеше аумақтан айырылып, артынша қайта бақылауға алғанын жеткізді. Мойындалмаған мемлекет президенті Араик Арутюнян бейбіт тұрғындар арасында құрбандар барын айтып дабыл қақты.

Баку мен Ереван қарулы қақтығысқа бір-бірін кінәлайды. Арменияда демде әскери жағдай мен жалпы мобилизация жарияланды. Қорғаныс министрлігі шекарадағы шиеленіске аттануға қазірдің өзінде 10 мың еріктіден өтініш түскенін хабарлады. Әзірбайжан да қалыс қалмады.

Ильхам Алиев, Әзірбайжан президенті:

- Бүгін таңертен Арменияның күштік құрылымы біздің елді мекендерге оқ жаудырды. Сонымен қатар әскери позициямызға түрлі қаруды пайдалану арқылы соққы жасады. Оның ішінде ауыр артиллерия бар.

Ал Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян бұл үлкен ауқымдағы «Әзірбайжаның ұйымдастырған арандатуы» деп батырып айтты.

Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:

- Ильхам Әлиевтің диктаторлық режимі әскери қақтығысты қайтадан жандандырды. Бұл армян халқына бағытталған соғыс. Біздің тәуелсіздігіміз бен бостандығымызға қарсы соғыс.

Пашинян Таулы Қарабақтың тәуелсіздік алуын жоққа шығармады. Ол Ресей президенті Владимир Путинге қоңырау шалып, бір үстелде барлық тараптың басын қосып жанжалды тоқтатуға мұрындық болуын сұраған. Таулы Қарабақтағы қырғынға Еуроодақ та алаңдап отыр. Олар да өз кезегінде дереу жанжалға нүкте қою керек екенін жеткізді. Әлем әліптің артын бағып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.