Ақтөбеде үш айлық сәбиден коронавирус анықталды
Індет жас талғамайды. Ақтөбеде үш айлық сәбиден коронавирус анықталды. Кеселге шалдыққан бүлдіршін шұғыл ауруханаға жатқызылды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
28.09.2020
Мұрат Мирманов, Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Науқаста коронавирустың белгілері медициналық мекемеге жүгінгенде анықталды. Қазір облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылып, ем алып жатыр. Ауру ошағында эпидемиологиялық шаралар жүргізіліп, науқаспен қарым-қатынаста болғандар анықталды.
Ақтөбе облысында екі апта ішінде бірде-бір дерек тіркелмеген еді. Тек өткен тәулікте екі адамның кеселге шалдыққаны белгілі. Оның бірі үш айлық нәресте болса, екіншісі – Қарғалы ауданының тұрғыны.
Жалпы елімізде СOVID-19 бен коронавирус пневмониясының қарқыны бәсеңсіді. Соңғы тәулікте қос кеселді жұқтырғандар саны 90 адамға жеткен. Біреуі қайтыс болды. Бұл алдыңғы көрсеткішке қарағанда едәуір төмен.
Елімізде СOVID-19 бен коронавирус пневмониясына 140 мыңнан аса адам шалдықса, оның 10 мыңнан астамы әлі ем алуда. Ал осы қос кеселден көз жұмғандар екі мыңнан асты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!