Алматы жылу маусымына дайын ба?
Алматыда бүгін жылу маусымы басталды. Қала басшысының мұндай шешімді әдеттегіден ерте қабылдауына алдағы күндері ауа райының күрт суытатыны себеп болыпты.
Автор: Мақсат Мәлік
28.09.2020
Бауыржан Мұсаев, Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
- Алматы қаласында жылу маусымы 28-қыркүйекте басталды. Ерте басталуына Қазгидрометтің айтуы бойынша, алда күн күрт суық болады. Сондықтан жылу маусымын қалада ерте бастады.
Әкімдіктегілер кезекті маусым жылдағыдан ерте басталғанымен жылу желілері, жылумен қамту жүйелері сақадай-сай дейді. Алайда бірінші кезекте әлеуметтік нысандар ғана жылуға қосылып отыр. Қазір қаладағы балабақша, мектептер мен ауруханалардың барлығына жылу жіберілген. Ал осы аптаның ішінде тұрғын үйлерді қосу көзделген. Жалпы Алматыда орталық жылу жүйесіне тіркелген 8 мыңнан астам көпқабатты үй бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!