Доллар бағамы 430 теңгеге жетті
АҚШ ақшасы қымбаттай түсті. Валюта айырбастау орындарындағы бағамы 430 теңгеге жетті. Қор биржасындағы бүгінгі сессияның қорытындысы бойынша бір доллар 428 теңге 35 тиын болды. Яғни ұлттық валютамыз бірден екі теңгеге әлсіреді.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
28.09.2020
Ақша айырбастау орындарында доллар 429-430 теңгеден сатылып жатыр. Төл валютамыздың күрт құнсыздануын Ұлттық банктегілер коронавирустың ықтимал екінші толқынына байланысты қауіптің күшеюінен көреді. Бұған қоса АҚШ-тағы Президент сайлауының жақындап қалуы да доллардың қымбаттауына түрткі болып отыр дейді. Осы жағдайлардың кесірінен қазір тек теңге емес, өзге елдердің валюталары да құнсыздануда.
Нұржан Тұрсынханов, ҚР Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаментінің директоры:
- Доллардың индексі коронавирустың тағы қайталануына байланысты алаңдаушылықтың күшеюі аясында, сондай-ақ алдағы АҚШ-та өтетін Президент сайлауына байланысты негізгі әлемдік валюталар қоржынына қарсы нығайып, екі айдағы шарықтау шегіне жетті.
Халықаралық валюта қоры өкілдерінің айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыс күтілген жағдайдан да ұзаққа созылады және кейбір елдердің экономикасының қайта өсуіне жылдар қажет болады. Еуропаның індеттің екінші рет қайталануы туралы үрейленуі және шектеу шараларын енгізуі де долларды нығайта түседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!