{metadescription}
Құжатсыз қаңғып жүргендер түгенделіп, азаматтық беріледі
Құжатсыз қаңғып жүргендер түгенделіп, азаматтық беріледі

Құжатсыз қаңғып жүргендер түгенделіп, азаматтық беріледі

Қазақстанның көші-қон қызметі құжатсыз қаңғып жүргендерді түгендеп бітер емес. Мәселен, әлі күнге КСРО-ның қызыл паспортымен жүргендердің 1700-ден астамы анықталыпты. Ал халықаралық ұйым өкілдерінің есебі басқа. Олар 2014 жылдан бері Қазақстанның әр түкпірінен азаматтығы жоқтардың 6 мыңдайын тіркепті. Енді  халықаралық ұйым, мемлекеттік емес бірлестіктер және Ішкі істер министрлігі бірігіп азаматтық беру науқанын бастап кетті. 

Сабыржан Сейітжанов, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасының орынбасары:

Кейбір адамдар полицияға баруға. Айыппұл салады, елден шығарып жібереді деп ойлайды. Сол себептен заңгерлердің номерін жариялаймыз. Олар өздері хабарласып, өзі туралы хабарлама береді. Ал заңгерлер керек ақпаратты жинап, одан кейін бізге береді. Біз тиісті шараны қабылдаймыз, көмектесеміз.

Көмектесетініне дау жоқ. Бірақ Қазақстанға келіп, қасақана тіркелмей, бой тасалап жүргендерді науқан құтқармайды, яғни айппұлдан құтылмайды. Биылғы көші-қон заңнамасындағы өзгеріске байланысты әлдебір адамның азаматтығын анықтау шаруасы жеңілдей түсіпті. Мәселен, ел ішін еш құжатсыз кезіп жүрген адам анықталса, айтқан деректеріне қатысты келген еліне сұраухат жолданады. Егер хат жолданған мемлекет 6 ай ішінде ләм-мим демесе, санатта болмаған әлгі адам Қазақстан азаматы болып шыға келеді. Бірақ оның іздеуде немесе қылмысқа қатысы бар-жоғы ерекше тексеріледі. Көші-қон қызметі: «кім көрінгенге азаматтықты бере салмаймыз» деп сендірді. Еш құжатсыз қаңғып жүргендерді түгендеуге халықаралық ұйымдар қол ұшын созып отыр. Олар заңды кеңес, азаматтықты рәсімдеу шығынын өзі қаржыландырады. Тіпті құжатсыз қиын жағдайға тап болғандардың айыппұлын да өтеп беруге дайын. Азаматтық беру науқаны келесі жылдың мамырына дейін жалғасады. Осылайша еш жерде тіркелмегендерді санатқа қосады.       

Денис Дживага, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандағы халықаралық бюро директорының орынбасары:

- Азаматтығы жоқ адамдарды ешбір санатта жоқ деуге болады. Ондай адамдардың конституциялық құқы жоқ. Өкініштісі, елімізде еш құжатсыз күн көріп жүргендер әлі де бар. Тіпті ата-әжесі, ата-анасы, баласы, яғни үш толқынның еш жерде тіркелмегені анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.