{metadescription}
Алматыда көлік айнасын ұрлайтын қылмыстық топ ұсталды
Алматыда көлік айнасын ұрлайтын қылмыстық топ ұсталды

Алматыда көлік айнасын ұрлайтын қылмыстық топ ұсталды

Алматыда автокөлік айнасын үптеп кетуді кәсіп еткен тағы бір қылмыстық топ құрықталды. Полицияның мәліметінше, ұсталғандардың бірі – ұрлықпен айналысса, екіншісі – бөлшек базарда сатып отырған.

Жедел іздестіру кезінде қолға түскен 34 жастағы күдікті бұған дейін көлік айнасын ұрлап істі болған. Бұл жолы ұрының таңдауы тек қымбат көліктерге түсіпті. Көбінесе «Toyota Land Cruiser 200» маркалы жол талғамайтын темір тұлпардың айнасын қолды қылған ол түскен олжаны «Кар Сити» базарында сауда нүктесі бар сыбайласына жеткізіп отырған. Сол себепті ұрланған заттарды саудалаған екінші күдіктінің де қолына кісен салынды. Ал оқиға орнын тінткен тәртіп сақшылары ұрланған 10 көлік айнасын тәркіледі. Қазір сыбайластардың өзге де қылмыстық іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.  

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Айналарды ұрлаған. ҚК 188-бабының 4-тармағымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол бұрын-соңды осы тәріздес қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Ал екінші азамат ұрланған заттарды сауда-саттыққа салғаны үшін ҚК 196-бабымен қылмыстық жауапқа тартылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.