{metadescription}
Ресей шекарасынан өту тәртібі
Ресей шекарасынан өту тәртібі

Ресей шекарасынан өту тәртібі

Ресейге барлық санаттағы Қазақстан азаматтары бара алады. Тек үшінші елдер арқылы емес, тікелей әуе бағытымен бару керек. Ресей Елшілігі көрші елдің шекарасынан өту тәртібін жариялады.

Барлық санаттағы азаматтарға рұқсат етілгендіктен, оның ішіне студенттер де кіреді. Ұшар алдында ең арысы үш күнде коронавирусқа қатысты ПТР-тесттен өтуі керек. Тек соның теріс нәтижесі болған жағдайда ғана ұшып баруына болады. Ресей елшілігі бұны міндетті шарт деп белгілеп отыр.

Қыркүйектің 21-інен бастап көрші елге әуе бағыттары ашылған. Ал құрлық арқылы қатынасқа қойылған шектеулер сол күйі сақталады. Бұл жағдайда тек уақытша тұру ықтиярхаты барлар, ресейліктердің ата-аналары мен балалары, жұбайының баруына болады. Оған қоса емделуге баратын және мемлекеттік бағдарламамен тарихи отанына оралатын қазақстандықтарға ғана рұқсат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.