Кинотеатрлар қайта ашылуы мүмкін
Елімізде кинотеатрлар қайта ашылуы мүмкін. Бірақ көрермен залын толтырмай санитарлық талап сақталуы тиіс. Қазір Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл мәселені жан-жақты зерделеп жатыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
29.09.2020
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті:
- Кинотеатрлар жұмысын қайта жандандыру жөніндегі ұсыныс жуық арада өтетін коронавирусты таратпау жөніндегі Үкіметтік комиссияның отырысына шығарылады. Алайда зал 100 пайыз толтырылмайды. Сонымен қатар кинотеатрлардың иелері санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтауға міндетті.
Комитет ұсынысын білдіргенімен, соңғы шешімді Үкіметтік комиссия қабылдайды. Оның үстіне елдегі эпидемиялық ахуал да назарға алынады. Егер қауіп қатері сейілмей тұрса, шектеу мүлде алынбауы да мүмкін. Бір жағынан бұлай мәселе көтермеске де болмай тұр. Себебі, еліміздің кинотеатрлар иелері қауымдастығы 10-нан 15 миллиард теңгеге дейін табыс жоғалтқандарын айтып зар қағып отыр. Қазірдің өзінде елдегі 92 кинотеатрдың жетеуі жабылып тынған. Тым болмаса бизнесін сақтап қалу үшін олар қандай талап қойса да келісіп, жұмыс істеуге дайын. Кинотеатрлардың бұл өтініші енді жерде қалмайтын сияқты. Бірақ бұл кинозалдарда көрермен 100 пайыз толтырып отырады деген сөз емес. Ал сала өкілдері ең болмаса қашан ашылатынын нақты айтуын сұрап отыр.
Дмитрий Кириенко, кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры:
- Біз үлкен дайындық жасадық. Араға екі орын қалдырып отырғызу, желдеткіш жүйесін тазарту, санитайзер, бетперденің бәрін орындап, тіпті ауадағы бактерияларды өлтіретін инфрақызыл сәуле сатып алдық. Бізге, тым болмаса, нақты қашан және қандай талаптармен ашылатынымызды айтса. Қазір шығынымызды айтқымыз да келмейді, тек кәсібімізді сақтап қалу қалып тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!