Эпид-ахуал: Бір күнде коронавирустан 4 адам өлді
Ауру азайып келеді. Елімізде соңғы тәулікте Ковид-19 бен коронавирус пневмониясы 68 адамнан анықталды. Оның 10-ының өкпесі қабынған. Коронавирус жұқтырғандардың саны 108 мыңға жуықтады. Ал бір тәулікте 69 адам дертінен айығып, жалпы 103 мыңға жуық отандасымыз аты жаман ауруды жеңді.
Автор: Салтанат Шырынхан
29.09.2020
Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды. Өйткені қауіпті дерт бір күнде тағы 4 адамның өмірін жалмады. Оның біреуі коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Індет құрбанына айналғандардың жалпы саны 1700-ден асты. Сырқатқа шалдыққан 92 науқастың жағдайы ауыр. Тіпті 21-і жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазір сынамасынан коронавирус анықталған 3300 адам ем қабылдап жатыр. Олардың 46-сы – балалар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!