{metadescription}
Әлсіреген рубльге қарағанда ұлттық валютамыз...
Әлсіреген рубльге қарағанда ұлттық валютамыз...

Әлсіреген рубльге қарағанда ұлттық валютамыз...

Елімізде теңге тағы да құлдырады. Бұл жолы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта бір доллар 429,5 теңге деңгейінде белгіленді. Алайда әлсіреген рубльге қарағанда ұлттық валютамыз өз позициясын баяу жоғалтып жатыр.

Көрші елдің ақшасының құлдырауына экономистер корона дағдарыспен бірге Оңтүстік Кавказдағы шиелініс және Беларусьтегі тұрақсыздық әсер етті деп отыр. Батыстың санкциялары тағы бар. Бүгін Ресей рублінің долларға шаққандағы құны әлсіреп, бір доллар 79 рубльге теңесті.

Есесіне теңге әзірге салыстырмалы түрде тұрақты, тіпті орыс ақшасының қасында нығая түсті. Сарапшылар бұған Ұлттық банктің тікелей қатысы бар дейді. Қаржы нарығын реттеуші орган теңгені бір деңгейде ұстап қана қоймай, елде күрт құнсыздану болмас үшін валюталық интервенциялар жүргізіп жатқанына мамандар сенімді.

Марат Қайырленов, экономист:

Рубльге саяси факторлар әсер етіп жатыр. Қазақстанның бірыңғай экономикалық одақта Ресеймен қатар болғаны себепті, бізге осы саясаттың салқыны сезілуде. Құнсыздануинфляцияның өсімі. Шындап келгенде, жұмсартып айтар болсақ, әлеуметтік шиеліністің өсуі. Сондықтан мұның барлығын жеңілдетуге тырысады. Ұлттық банк шаралар қолданды, бір рубль 6 теңгеден сатылды. Қазір оны 5,5 қылып бекітті. Инфляцияға әсерін азайту үшін олар оны 5-ке дейін төмендетуі де мүмкін. Тағы төмендетсе, онда ол қауіпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде