{metadescription}
Қордайдағы қақтығыс. Қанша адам сотталды?
Қордайдағы қақтығыс. Қанша адам сотталды?

Қордайдағы қақтығыс. Қанша адам сотталды?

Қордайдағы қақтығысқа қатысқандардың алды соттала бастады. Бүгін Алматы әскери гарнизонының сотында кикілжіңнің ортасында болған жеті адам 3-8 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.

Оларға «жаппай тәртіпсіздікке қатысты», «азаматтарды зорлық-зомбылыққа шақырды» және «аса ірі көлемде ұрлық жасады» деген айып тағылған. Судьяның шешімімен келіспеген айыпталушылар сот залын басына көтерді. Тіпті «суицидке барамыз» деп шу көтергендері де бар. Сот отырысына тілшіміз қатысып қайтты.

Қордайдағы қақтығысқа қатысқан 7 күдіктінің ісі Алматыдағы әскери гарнизонының сотында қаралды. Өйткені айыпталғандардың біреуі шекара қызметінің аға сержанты. Соттың соңғы отырысына қолхатпен бостандықта жүрген тек төрт айыпталушы қатысты. Ал тергеу изоляторындағылары үкімді онлайн тыңдады.

Дихан Әлиасқаров, судья: 

- Тілеуғалиев Алмат ҚК 272-бабының, 2-бөлігі бойынша көрсетілген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Тағайындалған жаза қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтелсін.

Аты-жөнін естіген Алмат судьяның үкімін соңына дейін тыңдамай, сот залын басына көтерді. «Ауыр жаза кесілді» деп шыр-пыр болған сотталушы осыған дейін өзіне қол салғанын және тағы да қарнын ақтарып тастайтынын айтты.

Алмат Тілеуғалиев, сотталушы:

- Мен сәуірде өз-өзіме қол жұмсағанмын. Себебі, заңсыз айып тағылды. Заңсыз соттап жатыр. Әділ үкім шығарсын деп тілеймін. Тағы да өзіме қол жұмсаймын. Бұлай өмір сүргенше, өлгенім артық.

Алмат сынды жанжалға қатысқан тағы үш айыпталушының қолына сот залында кісен салынды. Олар «жаппай тәртіпсіздікке қатысты», «азаматтарды зорлық-зомбылыққа шақырды» және «аса ірі көлемде ұрлық жасады» деген айыппен 3 жыл мен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Мырзағали Дүйсенбаев, сотталушы:

- Үйде бала-шағамды бағатын жалғыз өзіммін. Келіншегім ауырады. Қызым да тіркеуде бар. Мыналар ешқандай жеңілдік қарап жатқан жоқ. Мен таксиші  болып барғам. Ұрлық жайында білмедім. Соны біле тұра, алты жылға соттап жіберді.  

Сыртта күтіп тұрған айыпталушылардың туыстары үкімді журналистердің аузынан естіді. Олардың да тергеуге көңілі толмайды. Сондықтан сот шешімімен келіспейтін жақындары апелляциялық шағым түсіреміз деп отыр.

Сәрсен Атамбаев, сотталушының әкесі:

- Ұрлық деген мүлдем жоқ. Дәлел жоқ бұл жерде. Үкіммен келіспеймін. Кім бармады ол жерге? Бәрі барды ғой. Барғанның барлығын соттасын онда.

Ақпан айында Қордай ауданының Масаншы ауылындағы жергілікті тұрғындардың арасындағы жанжалға 300-ден астам адам қатысқан. Өкінішке қарай, жаппай төбелестен 11 адам мерт болып, жүздеген адам түрлі жарақат алды. Тұрғын үйлер мен сауда орталықтары, көліктер бүлініп төрт ауылға едәуір зақым келген еді.

Осыған дейін Ішкі істер минстрлігі 120-дан аса іс бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген. Оның 11-і адам өліміне қатысты. Алайда жаппай тәртіпсіздіктен кейін күдікке іліккендер мен қамауға алынғандардың нақты саны әлі айтылмай отыр. Кикілжіңге қатысқан тағы қанша күдіктіге жаза кесілгені де әзірге белгісіз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.