БҰҰ: Әзірбайжан мен Армения қақтығысты тез арада тоқтатуы тиіс
Әзірбайжан мен Армения тез арада қақтығысты тоқтатуы тиіс. Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі екі тарапты осындай мәмілеге шақырды.
Автор: Мақсат Мәлік
30.09.2020
Таулы Қарабақта ушыққан ахуалды талқылаған жиында Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесі ортақ мәлімдеме жасап, соғыстың тоқтатылуын жақтаған. Алайда жексенбіде бұрқ еткен қақтығыс қашан тоқтайтыны белгісіз. Алғашында тараптар «қақтығысты бастады» деп, бірін-бірі кінәлаған. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі бүгін армян қарулы күштерінің Тертер қаласына артиллериялық қарудан оқ жаудырғанын хабарлады. Ал Армения жағының Таулы Қарабақтағы қақтығысқа Түркия араласып жатқанын айтқаны бар. Алайда ресми Баку мен Анкара бұл айыптауды жоққа шығарды.
Жексенбіде басталған соғыс қимылдарынан екі тараптан да адам шығыны бар. Қаза тапқандар арасында бейбіт тұрғындар да жетерлік. Ал Таулы Қарабақтың кімге тиесілі екені жөнінде талас туғанына 30 жылдан асты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!