700 келі есірткіні көлікке нығыздап салған – Түркістан облысы
Күнгейлік полицейлер аса ірі көлемде есірткі тасымалдағандардың жолын кесті. 700 келі наша мен марихуананы жол талғамайтын көлікке нығыздап салған екі азамат Созақ даласында ұсталды.
Автор: Бек Әбиев
30.09.2020
Бетпақ далада шаңғытып бара жатқан «Лэнд крузер» әуелі қорықшыларға күдік тудырып, олар полицейлерге хабарлаған. Көлікті тінткен тәртіп сақшылары есірткі көлемін көргенде таңқалысын жасыра алмады. 650 келі кептірілген марихуана мен 48 келі таза наша полиэтилен пакеттерге оралып, канистрлерге де мұқият жасырылған. Жамбыл облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Бетбақдала арқылы Қостанай облысына өтпек болған.
Асылжан Қалдарбеков, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары:
- Бұл азаматтар бұрын сотты болған. Тәркіленген есірткі заттарды алдын ала дайындап, 37 қапқа салып, Созақ ауданы, Бетпақдала арқылы Қостанайға жеткізбек болған. 37 қап тәркіленіп, оның ішінде 650 келі марихуана, 48 келі гашиш екені белгілі болды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!