Павлодарда сотталған киллердің үкіміне туыстары келіспей отыр
Павлодарлық белгілі кәсіпкерге оқ атқан киллер 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда сотталған азаматтың туыстары үкіммен келіспей отыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
30.09.2020
Валюта айырбастаумен айналысатын 58 жастағы бизнесменді өткен жылдың желтоқсан айында үйінен шыға берісте атып кеткен еді. Кеуде тұсы мен жамбасына тиген оқтан кәсіпкер сол жерде жан тапсырған. Ал 42 жастағы қаскөй оның әмиянын алып, оқиға орнынан із суытып үлгергенгенімен, небәрі екі күнде қолға түсті. Дегенмен сотта кәсіпкердің қанша ақшасы ұрланғаны және киллердің қандай қарудан оқ атқаны айтылмады. Сотталушының адвокаты оған айғақ заттар «әдейі тасталған» деп отыр.
Қарлығаш Жамалиденова, адвокат:
- Өзім тексеру жүргіздім. Қорғауымдағы азаматты ұстағанда ашық тұрған көлікке бөгде адам екінші жағынан кіріп, бірдеңе іздегендей болып, белгісіз заттарды қалдырып кеткенін видеодан көрдім. Кейін оның арнайы жедел әрекет ету жасағы емес, оңтүстік полиция бөлімінің қылмыстық іздеу қызметінің маманы екенін анықтадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!