{metadescription}
Руслан Мамунов 12 жылға сотталды
Руслан Мамунов 12 жылға сотталды

Руслан Мамунов 12 жылға сотталды

Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шықты. Руслан Мамунов ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған болатын. Енді ол 12 жылын түрмеде өткізуі тиіс. Мұнымен қоса арам жолмен тапқан мүлкі де тәркіленеді.

Оңдасын Оразалиннің орынбасары осыдан жарты жыл бұрын қамауға алынған еді. Алғашқыда өзін «сүттен ақ, судан тазамын» деп, әлеуметтік желі арқылы үндеуін таратты. Кейін белгілі болғандай, Мамуновқа қатысты парамен сотталған Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановтың әйелі мен бауыры арызданыпты. Мамунов таныстары арқылы экс-әкімнің жазасын жеңілдетемін деп олардан 1 миллион 200 мың доллар алған. Бірақ түк бітірмей, Ахметжанов сол күйі сотталып кеткен. Ал Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары алдап алған ақшаға қос бірдей қымбат көлік пен Нұр-Сұлтаннан пәтер сатып алған. Сот осы мүліктерін тәркілеуге үкім шығарды. Ең қызығы, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин алаяқтықпен айыпталған орынбасарын өз кабинетінде жәбірленуші тараппен беттестірген. Қылмыстық дауға аймақ басшысының не себепті араласқаны белгісіз. Ол туралы өзі де, баспасөз қызметі де жақ ашпай отыр. Тек бір дөкейдің кездесу ұйымдастыру туралы тапсырмасы болғаны сот процесі кезінде ғана айтылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде