{metadescription}
Коммуналдық борышкерлер. Кім қанша қарыз? 
Коммуналдық борышкерлер. Кім қанша қарыз? 

Коммуналдық борышкерлер. Кім қанша қарыз? 

Қазақстандықтардың коммуналдық қызметке қарызы 17 миллиард теңге. Осылай деп дабыл қаққан индустрия министрі бұл ахуалға Асқар Мәминнің назар аударуын сұрады. Алайда бересі бес батпан тұтынушылардың коммуналдық қызметке көңілі толмайды.

Мәселен, Қарағанды облысындағы Шет ауданында әлі күнге жарыққа қарық бола алмай жүргендердің қарасы қалың. Ал Батыс Қазақстандағы электр желілері әбден тозған. Бұл ахуалды энергетика министрлігі біліп отыр.  Бес бересі, алты аласы барлардың бітіспес дауы жайлы тілшіміз жалғастырады. 

Әумин, жоқ! Қой, балам, басқа не істейді олар? Қарнын сипап жатады. Басқа не істейді?!

Қарағанды облысындағы Шет ауданы. Жарық желілерінің, трансформаторлардың жағдайы нашар. Өйткені бабы мен күтімі жоқ. Тұрғындар құзырлы жерге талай шағымданған. «Тындырамыз» деген, бірақ еш әрекет жүзеге аспаған. Ал қызмет көрсетуші компания олқылықпен күресудің орнына қызметіне әлі қосылмаған болашақ тұтнушысынан ақша өндіруді амалдап жүр.

Елжас Еркебаев, Шет ауданының тұрғыны:

«Шет-ЭНЕРГО» ЖШС-нің басшысы менен қомақты қаржы сұрап отыр. Айта кетейін, мына тұрған бағананы үйге тартуға 2 миллион сұрайды. Қазір менің оған беретін ондай қаржым жоқ. Сол себептен біраз жерге арыз жазып шағымданып едім, ешкімнен ешқандай талап, көмек болмай отыр.

«Шет-Энергоның» шикілігін министрлік те біліп отыр. Шырылдаған халықтың үні жетіп, тексеріс те жүргізіліпті. Сөйтсе бұл компания құқықтық актілердің талабына да қарамаған. Ал электр желілерінің күтімін, яғни техникалық бабына қолды бір-ақ сілтеген. Ол ғана емес...

Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика министрі:

Бұған қоса, серіктестік энергия беруші ұйымдарға қойылатын заңнама талаптарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты тексеріс материалдары құзыреті бойынша шаралар қабылдауға Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне және Қарағанды облысының прокуратурасына жолданды.

Батыс Қазақстан. Оралдағы электр-сымдары да оңбай тұр. Жауапты компания міндеттемелерін іс жүзінде қажетті деңгейде орындамай отыр. Энергетика министрлігі осындай айып тақты. Өз міндетін атқара алмай жатқан компания қарызға да белшесінен батыпты.

Бейімбет Мусин, Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

Бір миллиардттан астам берешегі бар. Бұл станцияларға, электр-станцияларына берешек және әр түрлі компанияларға берешек. Енді қазір жергілікті атқарушы орган ивестициялық жоспарларын қадағалап отырмыз.

Тұтынушылардың өзі де міндетінен жалтаруда. Мәселен, қазақстандықтардың коммуналдық қарызы 17 миллиард теңгеге жеткен. Оның ішінде борышкер бестік те белгілі болды.

Өңірлер арасында ең көп қарыз:

  1. Алматыда – 4,5 миллиард теңге;
  2. Шымкент – 2,5 миллиард теңге;
  3. Нұр-Сұлтан – 1,9 миллиард теңге;
  4. Қызылорда облысы – 1,5 миллиард теңге;
  5. Маңғыстау облысы – 1,4 миллиард теңге.

Айтылған берешектің көлемі биылдың өзінде, 3 миллиард 400 миллион теңгеге өскен. Қарызын қайтармаған тұтынушылар сапалы коммуналдық қызметтен дәмеленбесін – Индустрия министрлігінің пайымы осындай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде