Елімізде эпид-ахуал қайтадан ушығып барады
Елімізде оқу жылы басталғалы 104 оқушы коронавирус жұқтырған. Оның 33-і мектептегі кезекші сыныптарда білім алғандар.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
30.09.2020
Жалпы, ауруға душар болғандар күннен-күнге артып, елімізде эпидемиологиялық ахуал қайта ушыға түсті. Тек соңғы тәулікте қауіпті кеселден 5 адам бақилық болды. Оның үшеуі СOVID-19-дан, ал екеуі коронавирус пневмониясынан көз жұмған. Ал кешелі бері індетке 75 адам шалдықса, екі өкпесі қабынған жандардың саны тағы 299 жанға толықты. Осылайша жұқпалы дертке душар болған науқастардың жалпы саны 108 мыңға жуықтаса, коронавирус пневмониясына шалдыққандар 32 мыңнан асты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!