{metadescription}
КВИ-дің жаңа қаупі: Күшейтілген карантин қайта енгізілуі мүмкін
КВИ-дің жаңа қаупі: Күшейтілген карантин қайта енгізілуі мүмкін

КВИ-дің жаңа қаупі: Күшейтілген карантин қайта енгізілуі мүмкін

Жұрт санитарлық талаптарға немқұрайлы қарауын тоқтатпаса, елді күшейтілген карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін. «Жұрт медициналық бетперде тағуды қойып, коронавирус қаупін ұмыта бастады», - дейді Денсаулық сақтау министрі.

Соған байланысты полиция санитарлық талапты сақтамағандарға бақылауды күшейтпек. Айыппұл арқалайтындар саны артуы мүмкін. Ал сырттан келетін қауіптен сақтану үшін әуе қатынастарының көпшілігін қайтатоқтату ұсынылып отыр. Коронавирустың жаңа қаупі қандай?

Коронавирус әлемде әлі күшейіп тұр. Италия, Германия, Беларусь пен Еуропаның тағы бірқатар елінде бір аптаның ішінде вирус жұқтырғандар саны 0,6 пайыздан 0,7 пайызға дейін өскен. Абырой болғанда біздің елде көрсеткіш бұдан 10 есе төмен. Ал жағдай ушығып бара жатқан елдер қайтадан карантин енгізуге мәжбүр.

Дегенмен біздегі жұрттың бейқамдығы коронавирустың ел ішінде қайтадан кең таралуына сеп болайын деп тұр. Алексей Цойдың айтуынша, карантин жеңілдей бастағаннан қауіп-қатерін ұмытқан ел бетперде тағуды қойған. Бара-бара, ақыры қатаң карантин енгізуге мәжбүр етуі мүмкін.

Өңірлерде жүргізілген рейдке қарасақ, карантин тәртібін жеңілдеткеннен бастап ереже бұзу он облыста 30,4-тен 40,7 пайызға көбейген. 5-27 қыркүйекте 1131 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл полиция көзіне түскендер ғана. Биліктегілер де мұны біліп отыр. Сондықтан осы бастан сақтық шараларын тағы күшейтіп жатыр.

Асқар Мәмин, ҚР Премьер министрі:

- Әлемде және бірқатар шекара маңындағы елдерде эпидемияның тұрақсыздығын ескеріп, санитарлық талапты сақтау шараларын күшейтуіміз қажет. Мүдделі мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың 100 пайыз дайындығын қамтамасыз етсін. Санитариялық режимді бұзудың кез келген жолын кесу қажет.

Шетелдегі жағдай бізде де қайталанбас үшін министр Алексей Цой 5-қазаннан бастап өзге елдермен әуе қатынасын жандандыруды тоқтатуды ұсынып отыр. Ал осыған дейін ашылған әуе бағыттарын одан әрі көбейтпеу керек дейді. Соның ішінде Түркияға ұшу бағыты  қысқартылуы мүмкін.

Ал өзге елдерді министрлік үш санатқа бөлген. Бірінші санаттағы елдерден келгендердің дене қызуы өлшеніп, сауалнама жүргізіледі.

Екінші санаттағы елдерден келсе, олардан ПТР-тестіден өткендігі туралы анықтама сұралады. Онысы болмаса, екі тәулікке дейін тест сынамасын алу үшін карантинге оқшауланады.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау минитстрі:

Осындай талаптар Өзбекстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетіндерге де қатысты. Осыған байланысты облыстар мен республикалық қалалардың әкімдеріне мемлекеттік шекара маңдарында және сырттан келген кісілерден тест алынатын жерлерде карантиндік стационарлар орнатуды тапсыруыңызды сұраймын.

Сақтық шаралары күшейтілгенімен, елде коронавирустың жаңа толқыны басталады дегенді әзір ешкім айтқан жоқ. Бірақ Денсаулық сақтау министрі өңірлерге коронавируспен күресуге жалпы құны 14 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегі жөнелтіліп жатқанын айтты. Оның үстіне әр облыста ең қажетті деген дәрілердің тұрақтандыру қорлары құрылған.

Ал елде бетперде тақпай жүргендерге полиция енді қырғидай тиюі мүмкін. Үкімет басшысы Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктеріне санитарлық талаптарды қадағалау бойынша бақылау топтарының жұмысын күшейтуді тапсырды. Оған жергілікті әкімдіктер де атсалыспақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде