{metadescription}
Праймериз: Саяси науқан қалай өткізіледі?   
Праймериз: Саяси науқан қалай өткізіледі?   

Праймериз: Саяси науқан қалай өткізіледі?   

Бүгін праймериздегі дауыс берудің алғашқы күні. Үміткерлерді таңдау үш күнге жалғасады. Қауіпсіздік мақсатында бүгін және ертең шара тек онлайн жүзеге асады әрі таңдаушы азаматтар міндетті түрде «Нұр-Отан» партиясының мүшесі болуы тиіс. Ал праймериздегі дауыс берудің қорытындысы 5-қазанда жарияланбақ. Саяси науқан қалай өтуде? 

Праймериз біздің елде Елбасы бастамасымен тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Ал бүгін дауыс берудің алғашқы күні. Кандидаттарды іріктеу шарасы арнайы қосымшамен жүзеге асырылады. Сайлауалды бағдарламасын ұсынғандардың барлығы жеңіп шығудан үмітті.

Гүлайым Антаева, үміткер:

- Мен Сарыарқа ауданынанмын. Үміткер болып тіркелдім. Әріптестеріме, «Нұр-Отан» партиясының мүшелеріне бағдарламамды таныстырдым. Біз қазір еститін мемлекетке айналып жатырмыз деп ойлаймын. Еститін мемлекеттің алғашқы қадамы.

Әлібек Әбділов, үміткер:

- Мәселе бұл жерде Мәжіліске немесе мәслихатқа өту емес. Праймериз, партия ішілік сайлау болады деген хабарды естіген кезде басында түсінбедім. Бұл қандай жүйе, не істейді екен деп, өзім бір қызыққан болатынмын. Зерттей келе, бұл өте тамаша әлеуметтік лифт деп, өзім үшін солай түсіндім және қатысуға бел будым.

Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында 40 мың партия мүшесі бар. Соның 36 мыңы праймериз қосымшасына тіркелген, яғни дауыс беруге қақылы. Кандидаттарды қашықтан таңдау дауыс берудің тек екі күнінде жүзеге асырылады.   

Ерлан Қаналимов, Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Ең басты мақсатдауыс беру онлайн режимде болады. Коронавирус індетіне байланысты соған мәжбүр болдық. Мобильдік телефондары болмаса, смартфон, айфондары болмаса, үйінде интернет арқылы, компьютер, ноутбуктан дауыс береді. Праймериз кз сайты арқылы. Ол жерде де өзінің смс кодын енгізіп, жеке мәлімет енгізіп дауыс бере алады.

Қазір қашықтан кандидат таңдау шаруасы жіті қадағаланып отыр. Дауыс беру қазанның 3-де, астана уақытымен 14.00 де аяқталады. Ал қорытындысы 5-і күні жарияланбақ.  

Нұр-Сұлтан қаласындағы дауыс беру учаскелерінің барлығында дәл осында кабиналар орнатылуда. Үш күнгі дауыс берудің өзі онлайн жүзеге асырылады. Ол үшін ноутбуктың барлығы интернетке қосылады. Тағы бір ескере кететін жайт, дауыс беретін азаматтардың барлығы міндетті түрде, «Нұр-Отан» партиясының мүшесі болуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.