{metadescription}
Екі жасында сынған аяғы емдетілмей, жүре алмай қалған – Семей
Екі жасында сынған аяғы емдетілмей, жүре алмай қалған – Семей

Екі жасында сынған аяғы емдетілмей, жүре алмай қалған – Семей

Семейде ішімдікке салынған әйел қызының кішкентай кезінде сындырып алған аяғын осы күнге дейін емдетпей жүре берген. Енді қисық біткен сүйегінің кесірінен жеткіншек емін-еркін жүріп-тұрудан қалған.

- Аяғыңды көрсетші, шұлығыңды шеше ғой. Мына жеріне тез ота жасау керек, өйткені жасы 10-ға толды, ертең кеш болады.

Бұл отбасы Ресейден көшіп келген. Алайда әлі Қазақстан азаматтығын алмапты. Ал ішімдікке салынған әйелдің төрт қызы бар. Әзірге оларға  әжесі қарап отыр. Бірақ қыздың екі жасында сындырған аяғына ота жасатуға әлі де ешқайсысы асығатын емес. Келіншек тәртіп сақшыларын құрғақ уәдемен қарық қылудан жалықпай жүр. Енді полиция қызметкерлері одан баланы ауруханаға дереу апаруды талап етті. Егер ескертуге құлақ аспаған жағдайда оны аналық құқығынан айырмақ.

Әсел Ибрагимова, Семей қалалық ПБ кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі учаскелік инспекторы:

- Бүгінде 8 отбасы ата-ана құқығынан айырылды. Тағы 5 отбасына қатысты іс талқыланып жатыр. Жалпы, аз қамтылған және ішімдікке салынған 25 отбасы тіркеуде тұр. Олардың балалары қатаң бақылауға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде