{metadescription}
Шымкентте 20 отбасы тұрып жатқан үй қирағалы тұр  
Шымкентте 20 отбасы тұрып жатқан үй қирағалы тұр  

Шымкентте 20 отбасы тұрып жатқан үй қирағалы тұр  

Шымкентте 20 отбасы тұрып жатқан үй қираудың сәл-ақ алдында тұр. Қабырғадағы жарыққа адамның қолы сиятындай, ар жағынан дала көрінеді. Үйді үш жыл бұрын тексерген Шымкент әкімдігі «тұруға мүлдем жарамсыз» деп қорытынды шығарып кеткен. Сол күйі ұмытқан ескі үйді атқамінерлер Шымқалаға Елбасы келер кезде ғана есіне түсіріпті. Онда да қирап жатқан үйдің көше жағын әктей салған. Қауіпті үйде жыларман болған жұрттың жанайқайын тілшіміз тыңдап келді.

Қаланың қақ ортасындағы бұл үйден ел алысырақ жүруге тырысады. Себебі, әбден тозығы жеткен үйдің сырты шұрық-шұрық – қисайып құлап кетуі мүмкін. Қатты үрей үйдің кіреберісінен басталады. 70 жыл бұрынғы баспалдақ тозығы жетіп шіріген. Одан қалса, ойылып жатқан төбеден басыңа бірдеңе түсіп кете ме деп қорқасың.

Елена Шенберг, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Дәліздегі электр қалқаншасынан ұшқын шашырайды. Әсіресе тұрғындар кешке үйінде жарық қосқанда, жаңбыр жауғанда да сол. Үйдің тым ескі әрі қабырғалар мен еден ағаш екенін ескерсек, өртеніп кетуіміз де ғажап емес. Бірақ, амалымыз жоқ.

Қос қабатты үй әу баста жатақхана ретінде салынса, 90-жылдары тұрғындар жекешеленендіріп алған. Қазір мұнда 20 отбасы тұрады. Көбі жалғызбасты аналар мен мүгедектер. Ал ересектер еден «опырылып кете ме?» деп қорқып, балаларға жүгіріп, секіруге тыйым салады екен. Дәлізде жүрудің өзі қауіпті. Қабырғасы қақырап, төбесі опырылып жатыр. Уақыт өткен сайын айырылып бара жатқан қабырғаға бір емес, қос қол қатар оңай сияды.

Үйдің жағдайын тұрғындар жергілікті билікке 15 жылдан бері айтып келеді. Бірнеше рет комиссия да құрылып, үйді тексерген. Үш жыл бұрын «мұнда тұруға болмайды» деп кеткеннен, сол күйі ешкім төбе көрсетпепті. Бірақ бірнеше күн бұрын «әкімдіктің тапсырмасымен келдік» деген жұмысшылар үйдің тек көше жағын ақтап кетіп қалған.

Татьяна Сазонова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Үйдің сыртын әктеп жатқанын көріп, «кімсіңдер?» десем, «әкімдіктен келдік» деді. Бір жақ бетін ғана бітіріп кетейін деп жатқанын көріп, «неге басқа жақтарын да әктемейсіңдер?» десем, «әкімдіктің тапсырмасы осы, Президент немесе Елбасы өтіп жатса, әдемі болып көрінуі керек» деді. Бір жағынан «билік бізді біледі екен ғой» деп, ішім жылып қалды.

Шымкенттік шенеуніктер бұл үйді расымен «беске білеміз» дейді. Үш жыл бұрын тексерген комиссия баспананың хәлі мүшкіл десе де, бірақ апатты деп танымапты. Оның орнына сүріп тастау керек деп шешкен. Реинновациялау бағдарламасымен үйді жекеменшікке сатып, оның орнына тұрғызылатын көпқабатты үйден тұрғындарға пәтер береміз деп жоспарлап отыр екен.

Абылайхан Балықбаев, Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары;

 - Біз 2021 жылдан, көктемнен бастап қыс бойы дайындық жүргізсек, 2021 жылы көктемнен бастап құрылыс бастауды жоспарлап отырмыз.

- Инвестор бар ма?

- Инвесторлар бар. Иә, Қазақстанның ірі компаниялары қызығушылық танытып отыр.

Шенеуніктерге сенсек, сырты дөкейлер келгенде ғана ақталып жатқан ескі үйдің орнына келесі жылы жаңа баспана тұрғызылып, тұрғындардың бәрі сонда көше алады. Бірақ, уәденің түр-түрін тыңдап үйренген жандарға кезекті сөзге сенуден басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.