Зейнеткерлер біржолғы қаржылай көмекке қарқ болды
Қазақстандық зейнеткерлер біржолғы қаржылай көмек алып қарқ болды. Алайда Қарттар күніне берілген әлеуметтік төлемге тек Нұр-Сұлтан қаласы мен сегіз облыстағы зейнеткерлер іліккен.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
01.10.2020
Бір реттік әлеуметтік қолдаудың мөлшері 11 мың теңгедей. Еңбек министрлігінің мәліметінше, 216 мың 700 зейнеткерге қаржылай көмек көрсетуге бюджеттен 2 миллиард 300 миллион теңге бөлінген. Ал не себепті біржолғы төлемді қалған сегіз аймақтың қарттары алмағаны айтылмайды. Бірақ салалық министрлік елімізде Қарттар күніне арналған айлық басталғанын жария етті.
Қазақстанда коронавирус кесірінен болған дағдарысқа қарамай, егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылыпты. Бұл сомаға 2020 жылғы зейнетақы төлемдері қосылмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!