{metadescription}
Ерекше балаларды оңалту орталығы бірнеше аймақта ашылатын болды
Ерекше балаларды оңалту орталығы бірнеше аймақта ашылатын болды

Ерекше балаларды оңалту орталығы бірнеше аймақта ашылатын болды

Қазақстандағы ерекше балаларды оңалту орталықтарының қатары артты. Жыл соңына дейін мұндай орындар елордада, Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан және Қостанай облыстарында пайда болады.

Тағы екеуі елдің батысы мен шығысында жұмысын бастамақ. Толыққанды қалпына келтіру орталықтарында аутизм, церебралды сал дерті, Даун синдромымен ауыратын балалар емделеді.

Қазір сегіз орталыққа қажетті жабдықтар әкелініп орнатылып жатыр. Әлемдік пандемияға байланысты кешеуілдеп жатқан қондырғылар да бар. Оңалту орталықтарының болашақ 220 қызметкері емдеудің ерекше әдісін оқыған. Бұл ата-аналар мен және олардың балаларына шетелге шықпай, елде толық емделуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстанда 26 мың бала сал ауруына шалдыққан. Ал орталықта жылына 600-дей жас науқас тегін ем-дом қабылдайды. Елдегі сегіз мекеменің барлығы да Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен қолданыстағы ауруханалар негізінде ашылып жатыр.

Әлкей Марғұланұлы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Біз бірден16 облысты алған жоқпыз. Неге? Себебі, өкінішке қарай, кейбір тәжірибе көрсетіп жатады, бүкіл жерде ашамыз деп шашылып жатады. - Облыстардың жағдайын қарап, зерттеп, ең бірінші, негізгі деп 8 облысты алғанымыз сондықтан. Біз сол облыстарда сол орталықтарды ашқан кезде  тек қаланың балаларына ғана емес, сонымен қатар сол жердегі аудан орталықтарының балаларының аталмыш орталыққа баруына жағдай жасап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде