{metadescription}
Бұл жолы Боратқа берілетін жауап қандай?
Бұл жолы Боратқа берілетін жауап қандай?

Бұл жолы Боратқа берілетін жауап қандай?

Атышулы Борат фильмінің екінші бөлімінің трейлері шықты. «Амазон прайм видео» стримингтік сервисі оны ютуб желісінде жариялаған. Ал фильм тұсаукесерін олар 23-қазанда интернетте өткізбек. Қазақстан атын теріс жағынан көрсететін сайқымазақ Боратты отандық режиссерлер мүлде көрсетпеуді, басты рөлді сомдайтын Саша Барон Коэнді сотқа беруді талап етуде.

Боратқа бұл жолы берілетін жауап қандай болмақ? Трейлерді көріп-ақ төбе шашы тік тұрған белсенділермен тілшіміз тілдесті.

«Арнайы хабарландыру» деген қазақ қаріпімен басталатын трейлер Қазақстанның Ақпарат министрлігінің атын жамылған. Британдық актер елтаңбаны да, «соңғы жаңалықтар» деген титрды да тауып, қосуды ұмытпапты. Бұл жолы оқиға желісі Бораттың АҚШ-қа барып, президент сайлауы науқанында саяси өмірді зерттеуінің аясында өрбиді.

Режиссер Еркін Рақышев сайқымазақ Бораттың бұлай тайраңдауына Үкімет деңгейінде тыйым салу керек дейді.

Еркін Рақышев, режиссер:

- Біздің үкімет, сыртқы істер министрлігі бар басқа да құзырлы органдар бар, қатаң түрде талап ету керек жаңағыны шығарған режиссердан да, киностудиядан да сол мемлекеттен де керек болса, себебі, барлық әлемдік қауымдастықтардың алдында заңдар бар, бір ұлтқа екінші ұлттың арына, намысына тиюге болмайды.

Кинотеатрда фильмнің шығуына жолдама беретін мәдениет министрілігі Борат бұл жолы да отандық прокатқа шықпайды дейді. Дей тұрғанмен екінші бөлімінің Қазақстанға тікелей қатысы жоқ деп ақтағандай да болды.

Ғани Мұратов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары:

- Бұл комедия жанрында және Қазақстанға мүлдем қатысы жоқ болғандықтан, тек қана атауы ғана кейбір кезде Қазақстан деген атауды қолданады бірінші фильмді көрген кезде. Жалпы, бұқаралық халыққа аса бір көңіл күйіне алмауына және де бір болады деп ойлаймын. Өйткені, бұл Қазақстанға жалпы қатысы жоқ.

23-қазанда тұсаукесері өтетін фильмнің интернетте де жолын кесу қиын екен. «Алдымен мазмұмынмен танысу қажет», - дейді ақпарат министрлігіндегілер.

Максим Рожин, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің ресми өкілі:

- Тек кино шыққаннан кейін ғана біздің жалпы министрліктің белгілі бір сараптамасынан өтетін жоспар бар. Енді сол кезде көрінетін болады. Егер ол кино белгілі бір нормаларды бұзатын болса, біздің құзыретімізде, Қазақстан территориясында біздің заңнаманы бұзатын контент жабылатын болады.

Бірақ Еркін Рақышевтің сайқымазақ фильмнің мазмұнын талдап отыратын ниеті де, уақыты да жоқ. Боратқа ашуы қара қазандай режиссер оларды осылай қорлайтын кино түсіруге бел буған.

Еркін Рақышев, режиссер:

- Боратымен қорлап, мазақтап, ақымақ қылып кино түсіремін қарсы. Онан кейін жаңағы мен айтқандай жүрсін өмір бойы боқтан тазалана алмай. Басқа мен білмеймін бұл оңбағандармен күресу керек екенін.

Мәдениет министрлігі бұл жолғы Бораттың «бізге тікелей қатысы жоқ» дегенімен, фильмнің маркетингтік компаниясы Қазақстан үкіметі атынан инстаграм, твиттер желісінде фейк парақшалар ашып тастады. Бораттың болғанынан қашан да, боладысы қызық. Фильм тұсаукесерінен кейін қазақ мазақ бола ма, я еш қатысы болмай ма, оны да білерміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде