{metadescription}
Қазақстанның қай аймағында қарттар басым?
Қазақстанның қай аймағында қарттар басым?

Қазақстанның қай аймағында қарттар басым?

Қазақстан егде жастағы тұрғындары басым елдер санатына енді ене бастады. Яғни елімізде қарт адамдар саны артқан. Егер бұрын қартайған халықтың үлесі шамамен жеті пайызды құраса, қазір бұл негізгі межеден асыпты. 2050 жылға қарай ол екі есе көбейеді деген болжам бар.

Егде жастағы азаматтардың көбеюіне халықтың табиғи өсімі мен азаматтардың елден кетуі түрткі болған. Мамандардың зерттеуінше, қарт адамдар Қазақстанның солтүстік-шығысында және орталық бөлігінде басым. 100 жастан асқан көнекөз қариялар саны 600-ден асады. Айта кету керек, Қазақстанда әйелдер саны әлі де көп. Демография саласындағы мамандар мұны әртүрлі өмір сүру ұзақтығымен байланыстырады. Ер мен әйел жасындағы тепе-теңдіктің болмауы, әсіресе қартайған кезде көрінеді екен. Қазақстанда 60-ты еңсерген әрбір 100 әйелге осы жас тобында тек 62 ер адамнан сәйкес келеді. Осылайша, Қазақстан халқы демографиялық-тұрақсыз деп саналады. Бұл әлеуметтік-экономикалық дамуға кері әсер етері сөзсіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.