Елімізде қанша бала коронавирустан емделіп жатыр?
Алматыда қыркүйектен бері жеті оқушыдан коронавирус анықталды. Бірақ олар бір-бірімен байланыста болмаған. Қауіпті індетті көшеден немесе туған-туыстарынан жұқтырып алыпты.
Автор: Диас Нұрақын
05.10.2020
Ал елімізде Ковид-19-ға шалдыққан 73 бала ем қабылдап жатыр. Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус белгілері табылған. Тағы 37 науқас коронавирус пневмониясымен ауруханаға жатқызылды. Қос аурудан бір күнде 5 адам қайтыс болған.
Осылайша пандемия басталғалы коронавирусқа шалдыққандар – 108 236, пневмониямен ауырғандар – 34 мыңға таяп қалды. Көпшілігі аурудан айыққан. Қазір ауруханада немесе үйінде ем алып жатқан науқас саны – 3213. Олардың 89-ы аса ауыр хәлде жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!