{metadescription}
Бесінші қабаттан құлаған сәби аман қалды – Көкшетау
Бесінші қабаттан құлаған сәби аман қалды – Көкшетау

Бесінші қабаттан құлаған сәби аман қалды – Көкшетау

Көкшетауда бесінші қабаттан құлаған 2 жасар сәби ағаш бұтағына ілініп тірі қалды. Оны дәрігерлер жансақтау бөлімшесінен нейрохирургия палатасына ауыстыруға әзірлеп жатыр.   

Биіктен құлаған Әлімнің бірден жерге түскенде аман қалуы екіталай еді. Әке-шешесі үйінде бола тұра, оның қауіпті жерге қалай барғанын байқамаған. Құлаған сәби бұтағы қалың ағашқа ілініп қалған. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген балақай бірден жан сақтау бөлімшесіне жатқызылды. Жарақатының аса ауыр еместігін көрген дәрігерлер таң қалып отыр. Қазір полиция балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін тиісінше орындамау бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сәбидің өзі есін жиған.

Азамат Үсенов, Ақмола облыстық балалар ауруханасы жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі:

- Иығы сынған, миы да шайқалған. Бірақ ми қабатына зиян келмепті. Неврологиялық өзгеріс жоқ. Биіктен құлаған оңай ма? Жыртылған еті тігілді. Ота жасаған жоқпыз. Есін біледі, аса қатты жарақаты жоқ. Кешікпей, кәдімгі палатаға ауыстырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде