{metadescription}
Алаяқ! Кәсіпкерден 30 миллион талап еткен
Алаяқ! Кәсіпкерден 30 миллион талап еткен

Алаяқ! Кәсіпкерден 30 миллион талап еткен

Алдап-арбап ақша талап еткен алаяқ! Кәсіпкерден бақандай 30 миллион теңге бопсалаған Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Қолға түскен күдікті бұрын Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінде жұмыс істепті.

Азат Мұхамедиев, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің сарапшысы:

Сотқа дейінгі тергеуде белгілі болғандай, аталған азаматтың Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері екені, 2017 жылы пара алғаны үшін сотталып, теріс уәжбен қызметінен босатылғаны анықталды.

Алайда мұның алдында пара алып істі болғаны күдіктіге сабақ болмаған секілді. Бұл жолы кәсіпкерді алдап, сеніміне кірген азамат өзін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, 30 миллион теңге бопсалаған. Қылмыс үстінде құрықталған алаяқтан ақ конвертке салынған бірнеше бума АҚШ доллары тәркіленді. Қолына кісен салынған күдікті бірден қылмысын мойындаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде