Химиялық кастрация жасалған педофил жыларман күйге түсті
Түркістан облысында химиялық кастрация жасалғандар шағым айтты. Бала зорлап сотталғандар жазаның бұл түрін тым ауыр санайды. Химияның «дәмін» татқан екеуі алғашқы екпеден кейін-ақ жыларман болып отыр.
Автор: Бек Әбиев
06.10.2020
Жазасын өтеуші:
- Әлсіздік, әлсіреп, жүрек шаншып, өзі еркіндікте жүргенде бауырым ауыратын. Одан кейін аяғыма екпе салған жер толық ұйып қалды. Сонымен ойлап жатырмын, бұл келешекте зиян тиетінін біліп тұрмын. Өміріме зияны тие ме деп қорқып тұрмын. Қатты қорқам. Сіздерден көмек сұраймын. Болашаққа деген үмітім бар, өмір сүруге талпынысым бар.
Алғашқы инеден-ақ денсаулығы сыр бергенін айтқан олар кастрация заңын қайта қараса дейді. Әзірге бұл жаза Төле би ауданындағы ИЧ 167/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 24 және 27 жастағы азаматтарға жасалған. Препарат әр екі апта сайын салынып тұруы тиіс. Екпеден кейін нағыз азап тартасың дегендердің біреуі 15, екіншісі 16 жылға қамалған. Ауыр қылмыс жасағандарға арналған қатаң тәртіптегі түрмеде 400-ден астам адам жазасын өтеуде. Соның 78-і кәмелетке толмағандарға азғындық жасалды деп айыпталғандар. Бірақ оның 76-сына бұл жаза қолданылмайды. Себебі, аталмыш түзетулер заңға 2018 жылы енгізілгеніне байланысты, енді тек педофил деп танылғандарға мәжбүрлі түрде химиялық кастрация жасалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!