Құсыңды ветеринарға бермесең, айыппұл төле – СҚО
Солтүстік Қазақстан облысындағы құс тұмауы тараған ауылдардың тұрғындары қорасында тірі қалған құстарын ветеринарға беруден бас тартып жатыр. Тәртіп сақшыларын ертіп барғанның өзінде қарсылық көрсетуде. Айыппұл салса да, қаз, үйрегінен оңайлықпен айырылғысы жоқ.
Автор: Жаңалық Ахаш
06.10.2020
- Мені жұбатпай-ақ қойыңдар. Былтыр 30-ын өсірдім, ит талап өлтірді. Биыл адамдар тірідей тартып алмақшы. Қораға қарай қу. Бітті.
Құс тұмауы Бескөл мен Якорь ауылдарына да тараған. Мұндағы тірі қалған қанаттылардың барлығын жою туралы арнайы қаулы да шықты. Бірақ тұрғындардың оған бағынғысы жоқ. Енді мамандар «шығынды өтейміз» деп аула аралап, жалынып жүр. Індетке байланысты алынған әр тауықтың басына 900 теңгеден 1300 теңгеге дейін, ал үйрекке 2700 теңге, қазға 5400 теңгені мемлекет төлейді. Құстардың ең бағалысы – күркетауық. Оның шығыны 7600 теңге. Қызылжар аумағында құс тұмауынан 200 мың тауық пен үйрек, қаз қырылған. Қазір 29 ауыл карантинде. Енді қорасындағы тірі құстарын беруден бас тартқандарды «жаппай жазалаймыз» деп отыр мамандар. Ол үшін тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.
Марат Ибраев, СҚО Ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы:
- Полицияны қатыстырып, жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз. Егер құстарын бермеймін десе, бұл кісілерге айыппұл салынады. Өйткені айыппұлдың шамасы 20 айлық есептік көрсеткішпен салынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!