Еліміздің фармацевтика саласында қанша кәсіпорын жұмыс істейді?
Келер жылдан бастап елімізде дәрілік заттарды өндіру көлемі екі жарым есеге арттырылады. Ал алдағы бесжылдықта отандық дәрі-дәрмек өнімі ішкі нарықтың жартысын қамтуы тиіс. Оған бесжылдық кешенді жоспар жасалған.
Автор: Ербол Тұрымбет
06.10.2020
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, 2021 жылдың бірінші тоқсанына қарай отандық кәсіпорындардың бірреттік бетперденің өндірістік қуаты тәулігіне екі есеге ұлғайып, 1 миллионнан 2 миллион данаға дейін жетеді.
Қорғаныс костюмдерін өндіру екі есеге арттырылады. Жыл соңына қарай қолғап өндіру көлемі тәулігіне 330 мыңнан 530 мыңға дейін ұлғайтылады. Бесжылдық кешенді жоспарда жаңа дәрілік заттардың 297 түрі мен медициналық бұйымдардың 2348 түрін шығару жоспарланған. Соның бәрін жинақтай келгенде, ішкі нарықтағы ең қажетті деген дәрілер бойынша отандық өнім үлесі қазіргі 39 пайыздан 50 пайызға дейін артуы тиіс.
Бүгінде елімізде фармацевтика саласында 96 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 33-і – дәрілік заттар, 41-і – медициналық бұйымдар және 22-сі медициналық техника өндіреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!