{metadescription}
Мәжілісмен: Шымкент әуежайының арзанға сатылуы кімге тиімді?
Мәжілісмен: Шымкент әуежайының арзанға сатылуы кімге тиімді?

Мәжілісмен: Шымкент әуежайының арзанға сатылуы кімге тиімді?

«Шымкент әуежайының у-шусыз арзанға сатылуы біреулерге тиімді болуы мүмкін». Осылай деп тендерге күмән келтірген мәжілісмен Аманжан Жамалов Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады.

Аманжан Жамалов, Мәжіліс депутаты:

- Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әуежайды сатып алу құқымен 10 жылға сенімгерлік басқару бойынша тендер жариялады. Өтініш беру мерзімі 18-қыркүйек пен 8-қазан арасында деп көрсеткен. Үш апталық қысқа мерзімде көптеген инвестор конкурстан тыс қалады. Тендерді шұғыл әрі шусыз өткізу кімге тиімді? Және құнын 5 миллирд 200 миллион деп көрсеткен. Бұл әуежай үшін өте төмен баға.  

Депутат әуежай құнына қатысты тәуелсіз бағалау жүргізу қажет деп санайды. 500-ден аса қызметкері де әуежайдың жекеге өтетінін естігенде алаңдаушылық білдірген. Мемлекет есебіндегі нысан жекеге өтсе жылына үш миллиард пайда әкеп отырған әуежай құлдырай ма деп те қорқады. Алайда оны сатылымға шығарған Шымкент әкімдігі саспайды. «Үкімет тапсырмасын орындап отырмыз» деген шенеуніктер әуежай бағасын шығарған «біз емес» дейді. Қазірге дейін қанша адам сатып алуға ниет білдіргенін білу де мүмкін емес екен. «5 миллиардқа сатып алған кәсіпкер қайта жаңғыртуы тиіс» деген олар жеке меншікке өтсе, ескірген әуежай гүлденеріне сенімді.

Мұхтар Қоқанбаев, Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- 18-і мен 8-і арасында үш апта уақыт берілді деп жазылды. Кез келген адам қатыса алады деп жазылды. Өйтсе, ешкім жылдам әрі у-шусыз деп айта алмайды. Бұл жерде қалаған адам қатыса алады. Өзіңіз айттыңыз, бағана. Мәжілісменнің айтуына ма?  Мен келісе алмаймын. Мәжілісменмен? 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде