{metadescription}
Коммунистер: Зейнет жасын 60-қа төмендету керек
Коммунистер: Зейнет жасын 60-қа төмендету керек

Коммунистер: Зейнет жасын 60-қа төмендету керек

«Қазақстандықтардың зейнеткерлікке шығу жасын 60-қа дейін төмендету керек». Бүгін Мәжілістегі коммунистер осындай бастама көтерді. Осылайша вирус қаупі аймағындағыларды қатерден сақтап әрі еңбек нарығындағы ахуалды дұрыстауға болады деп санайды «қызыл» мәжілісмендер.

Мұны Үкіметтің қолдай қоюы екіталай. Тіпті тәуелсіз сарапшылардың өзі коммунистердің бастамасын «жай ғана халықтың көңілін аудару» деп бағалады.

COVID-тің көп жағдайда қариялардың өмірін жалмайтынын зерттеушілер мен дәрігерлер талай айтқан. Мәселен, жыл басынан бері 111 мыңға жуық қазақстандық қауіпті вирустан қайтыс болса, соның 71 пайызы, яғни 78 мыңнан астамы 60 жастан асқандар. Бұл дерек Мәжілістегі коммунистерді айтарлықтай алаңдатып отыр. 

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты:

- Коммунистік халық партиясының фракциясы азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынады. Әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуға қатысты 2013 жылғы реформаға қарсы болғанбыз. Қазір азаматтардың пікіріне сүйене отырып, еліміздегі еркек пен әйелдердің 60 жастан зейнетке шығуын қамтамасыз ету керек.

Коммунистердің бастамасын биліктің қолдамайтыны белгілі. Үкімет түгілі, тәуелсіз сарапшылардың өзі мұны «ұпай жинау үшін жасалған» деп санайды. «Өйткені еліміздегі зейнетке шығу мен өмір сүрудің орташа жасы мүлдем сәйкеспейді», - мамандар. 

Исатай Қамбаров, сарапшы:

- Өзгеріс болмайды. Менің айтатыным, шынында да бізде популизм деген бар. Депутаттардың көбісі осыған сайып кетеді. Мен кезекті коммунистердің популизмі деп есептеймін, басқа ештеңе емес. Бұрын дұрыс қабылданбаған екен деп, қазір жаңадан бір жаңалық ашқандай болып отыр. Ол дұрыс емес.

Еліміздегі соңғы реформаға сәйкес, әйелдердің зейнетке шығуын  58 жастан 63 жасқа дейін ұлғайту бекітілген. Ерлер де зейнет демалысына 63-те шығады. Еңбек министрлігі зейнет жасы қысқармайтынын кесіп айтты. Соған қарағанда Мәжіліс депутатының қазақстандықтарды 60 жастан зейнетке шығару ұсынысы айтылған жерінде қала беретін сыңайлы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.