{metadescription}
Әйелінің бетін тілгілеген еркек сотталды – Ақтөбе
Әйелінің бетін тілгілеген еркек сотталды – Ақтөбе

Әйелінің бетін тілгілеген еркек сотталды – Ақтөбе

Ақтөбеде келіншегінің бетін пышақпен тілгілеген тұрғынға қатысты сот үкім шығарды. Енді 38 жастағы Сәкен Бекенов төрт жыл өмірін түрмеде өткізетін болады.

Осыдан жарты жыл бұрын ол бұрынғы әйелінің сыраханадағы жұмысына барады. Адам аяғы басылған соң, барда тұрған келіншегін сабаған. Мұнымен де тоқтамай, пышақпен бетін, құлағының ұшын тілген. Бұл оқиғаға куә болған сыраханадағы мейманның бірі тәртіп сақшыларын шақырыпты. Сот кезінде сотталушы кінәсін мойындап, бұрынғы келіншегінен кешірім сұрады, ал әйелі кешірім берді. Өйткені оның түрмеге қамалғанын қаламайды екен. Дегенмен прокурор Сәкен Бекеновті алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрап, соңында судья 4 жыл жаза кесті.

Еділ Құдайберген, Ақтөбе облстық сотының баспасөз хатшысы:

- Қатыгездікпен жасағанын ескеріп, жауаптылығын ауырлататын мән-жай ретінде кінәлінің мас күйде екенін тани отырып, оны қоғамнан оқшаулау дұрыс деп таптық. Істі қарау барысында жәбірленуші келтірілген залалды өндіру туралы талаптан бас тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде