Бес жасар қызды зорлаған күдіктінің қалай өлгені айтылмады – Қарағанды
Қарағандының тергеу абақтысында бес жасар қызды зорлады деген күдікті өзіне қол салды. 62 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғыны камерасынан өлі күйінде табылған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
07.10.2020
Бекболат Шәкіров, ҚАЖК Қарағанды облыстық департаменті бастығының орынбасары:
- Ол жалғыз адамдық камерада отырған. Тергеу абақтысына түскеннен бері психологтың бақылауында болды. Оның өлі денесі кеше таңғы сағат 7:45-те табылды. Өзіне қол жұмсағаны анық.
Абақтысының басшылығы оның денесінде ұрып-соғу белгілері жоқ деп отыр. Бірақ қандай жолмен өзіне қол жұмсағанын айтпады.
Қаскөйдің әрекеті Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке себеп болған еді. 23-шілдеде Жезқазғаннан туыстарына қонаққа келген бес жастағы қыз аулаға шығып жоқ болған. Туған-туыс, полиция мен еріктілер айналаны толық шолып шығып, қыз қонаққа келген үйдің алдына шоғырланады. Сөйтсе бүлдіршінді бірінші қабатта тұрған күдікті үйіне кіргізіп алған. Полиция қызды ата-анасына беріп, күдіктіні шығармақ болғанда подьезге жиналған қара құрым ел ойран салған. Қақтығыс кейін полиция бөлімінің алдында жалғасты. Бейберекетсіздікке байланысты іс қозғалып, қазір 19 адам тергеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!