{metadescription}
Қырғызстанда жастардың да билікке таласы бар
Қырғызстанда жастардың да билікке таласы бар

Қырғызстанда жастардың да билікке таласы бар

Қырғызстандағы қырғынның тоқтайтын түрі жоқ. Бүгін де алаңға шыққан халық енді президентті тағынан тайдыруға бел буған сияқты. Сайлау қорытындысын жоққа шығарып, үкіметті таратып жібергендер Сооронбай Жээнбековке импичмент жариялауды талап етуде.

Бүгін төңкерістің басы-қасында жүрген жастар да билікке барғысы келетінін ашық білдірді. Олар Үкімет үйіне жиналып, оппозиция өкілдері ұсынған премьер-министрдің кандидатурасына қарсы шықты. Көрші елдегі саяси ахуалды тілшіміз бақылады.

Алатаудың арғы бетінде нағыз тақ талас енді басталған сияқты. Кеше оппозиция өкілдері құрған Үйлестіру кеңесін бүгін кей партиялар мойындамаймыз деп, ашық қарсы шықты. Сондықтан өздерін Халықтық үйлестіру кеңесі деп атаған 5 партия өкілдері түрмеден шыға салып премьер-министрлікке ұсынылған Садыр Жапаровтың кандидатурасын қолдамаймыз деп отыр. Соған қарамастан бүгін Жоғарғы Кенеш депуттары бірауыздан Жапаровты үкімет басшысы етіп тағайындады.

- Жапаров Садыр Нургожаевичтың кандидатурасын премьер-министрлікке ұсынамыз...

Айыр қалпақты ағайындардан ауызбірлік кеткен бе дерсің. Себебі, билікке таласқан партиялардың басы бір қазанда піспей жатыр. Садыр Жапаров премьер-министр бола салысымен, Бішкектің орталық алаңында тағы наразылық басталды. Ескі үкіметті тағынан тайдырған жастардың да билікке таласы бар. Үкімет үйіне жиналған мыңдаған азамат жаңа жасақталып жатқан министрлер кабинетінен өзіне де орын берілсін деп отыр. Анау-мынау емес, премьер-министрдің орынтағына өз белсендісі Тілек Тоқтоғазиевті тағайындауды талап етуде. 

Жастар, жастар, жастар...

Бішкектен бастап кейбір облыс басшылары да бір күн өтпей қайта ауысып жатыр. Ал басында «сайлау нәтижесі жойылсын» деген бір ғана талаппен көшеге шыққан халық енді президентке импичмент жариялауды талап етуде. Алайда бүгін кезекті рет үндеу жолдаған Сооронбай Жээнбеков оппозиция серкелерін көшеде емес, үстел басында отырып келісімге келуге шақырды.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының президенті:

Билікке ұмтылғандар өз дегеніне жетті. Дегенмен ешқандай қызмет адам өмірінен артық емес. Сондықтан мен Ақ үйге баса-көктеп кіргендерге ешқандай күш қолданбауды тапсырдым. Наразы топты «күшпен басып-жаншу керек» деген талай ұсыныс түсті. Мен оған түбегейлі қарсы болдым. Өйткені бұл үлкен қақтығысқа ұласар еді. Сол себептен елде төтенше жағдай жариялау туралы бұйрыққа қол қойған жоқпын.

Тек жазбаша үндеу жариялаған президент әлі ел алдына шыққан жоқ. Сооронбай Жэнбековтың нақты қай қалада екенін де ешкім білмейді. Сондықтан саясаткерлері бас-басына би болған қырғыз елінде тағы қандай өзгеріс болары белгісіз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қаңтар

03 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде