{metadescription}
Алексей Цой: Пандемия үш сценарий бойынша өрбуі ықтимал
Алексей Цой: Пандемия үш сценарий бойынша өрбуі ықтимал

Алексей Цой: Пандемия үш сценарий бойынша өрбуі ықтимал

Елімізде коронавирусқа байланысты локдаун желтоқсан айында енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстанда пандемия үш сценарий бойынша өрбуі ықтимал.

Алексей Цой, Денсаулық сақтау министрі:

Пессимистік сценарий бойынша, егер бетперде режимі 60 пайызға сақталса, қазан мен желтоқсан аралығында коронавирус індетін шамамен 190 мың адам жұқтырады. 65 мың науқас ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Мұндай жағдайда локдаун желтоқсанның ортасында енгізілуі мүмкін.

Ал бетперде тағу режимі 70 пайызға қамтамасыз етілсе, қазан-желтоқсан аралығында індетпен 90 мыңдай науқас тіркелуі мүмкін. Оның 30 мыңы медициналық мекемелерде емделуге мұқтаж болады. Эпидемиологиялық ахуал осылай өрбитін болса, локдаун режимі қаңтарда жариялануы мүмкін. Бірақ Алексей Цойдың сценариі бойынша, жұрттың бәрі бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтағанда ғана, қатаң карантинге жүгінудің қажеті болмайды. Соның өзінде қазаннан желтоқсанға дейін коронавируспен 40 мыңға тарта адам ауыруы ғажап емес. Оның 15 мыңдайы ауруханада ем-дом қабылдауды қажет етпек. Сондықтан сақтық шараларын сақтау коронавируспен күресте өте маңызды екенін ұмытпаған абзал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде