{metadescription}
Тоқаев елдің қиын дағдарыста тұрғанын ашық айтты   
Тоқаев елдің қиын дағдарыста тұрғанын ашық айтты   

Тоқаев елдің қиын дағдарыста тұрғанын ашық айтты   

Көрші елдердегі эпидемиялық ахуалға байланысты ел шекарасында бақылау күшейтіледі. Соған байланысты әуежайлар мен теміржол бекеттерінде қатаң эпидемиялық бақылау тәртібі қайта орнайды. Ал коронавирустан қаза тапқан дәрігерлердің отбасына президент ешқайсын бөле-жармай, бәріне тиісті өтемақы беруді тапсырды.

Оның өзін жылдам орындамаса болмайды. Әйтпесе коронавирустың жаңа толқыны жақындап келеді. Онсыз да қиын дағдарыста тұрған елімізге ол әлдеқайда ауыр соққы болуы мүмкін. Коронавирустың екінші толқынына еліміздегі дайындық қалай?

Соңғы деректер бойынша көршілес Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстанда коронавирусқа шылдыққандар саны жарты, не 1 пайыз өсім көрсетіп отыр. Тоқаевтың пікірінше, енді шекараны күшейту керек. Әуежайлар мен теміржол бекеттерінде бақылау күшейтіліп, әсіресе «қызыл аймақтағы» елдерден келген азаматтарды жедел тестілеу орындары ашылуы тиіс. Осындай ұсынысты өткен айдың соңында денсаулық сақтау министрі де айтқан. Бұл әлемде жиі айтылып жатқан коронавирустың екінші толқынынан сақтануға да қажет. Солай деп алып, елде коронавирус тесті мен қарапайым медициналық бетперденің бағасын ышқынтып қоятынымызды қайтерсіз?!

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

Әлемде зертханалар желісі кеңейіп, тест бағасы төмендеп жатса, бізде қымбат10-18 мың теңге аралығында. Бұл елдің едәуір бөлігіне ауыр тиеді, арзандату керек. Қорғаныш бетперделері де сол. Өзгелермен салыстырсақ, бізде анағұрлым қымбат. Ресейде 20-30 теңге, ал бізде 60 теңге. Бұл қаншалықты лайық баға екенін анықтау керек.

Коронавируспен күресте басты қаруымыз, Тоқаевтың айтуынша, дәрі емес, дәрігер. Қауіпті вируспен күрестің қақ ортасында жүрген де солар. Бірақ соларға деп бөлінген 150 миллиард теңгені салалы министрлік жырымшылап әлі төлеп бітпеген. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оның себебін мәліметтердің дұрыс енгізілмеуінен деп түсіндірген еді. Олар үстемеақысын беріп болам дегенше, 182 дәрігеріміз аты жаман вирустан көз жұмып та кетті. Осы ой президентке қатты батқан сияқты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

Қазір бұл отбасыларды әр түрлі комиссия қарап жатыр. Жәрдемақы әзірге тек 37 отбасына берілген. Мұндайға мүлде жол бермеуіміз керек. Сондықтан Үкіметке коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің барлығының отбасына қосымша тексеру жүргізбей-ақ, жәрдемақыны тез арада төлеуді тапсырамын.

Ақ халаттылардың мәселесі осылай болып жатқанда, кей өңірлер коронавирустың екінші толқынына дайын емес. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында дәрі-дәрмекті тұрақтандыру қорларының көлемі 200-300 миллион теңге. Салыстыру үшін айтсақ, ол елордада бір жарым, Алматыда 5 миллиард теңгеге дейін барады.  Маңғыстау мен Алматы облыстарында емханалар мен ауруханалардың дайындығы нашар болып шықты.

Еліміздің қазір өте қиын дағдарыс жағдайында тұрғанын президент ашық айтып отыр. Осыған дейін Үкімет коронавирустың жаңа толқыны мен қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайға арнап кешенді бағдарлама дайындаған. Алайда қазір жағдай одан да зорғысына әкелетін сияқты. Ресейге санкция күшейді, Қап тауындағы соғыс бәріне мәлім, көрші елдердегі дүрлікпені бәрі көріп отыр. Осының бәрін ескере келгенде, әлгі дағдарысқа қарсы бағдарлама қайта қаралып, Үкімет пен Ұлттық банк ай соңына дейін президентке ұсынуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде