{metadescription}
Көпірін су шайып кеткен зауралдықтардың халі мүшкіл – Ақмола облысы 
Көпірін су шайып кеткен зауралдықтардың халі мүшкіл – Ақмола облысы 

Көпірін су шайып кеткен зауралдықтардың халі мүшкіл – Ақмола облысы 

Көпірі сегіз жыл бұрын су тасқынынан тас-талқан болған Ақмола облысындағы Заурал ауылының тұрғындары алдағы қысты үреймен күтіп жүр. «Қар жауысымен із жабылып, алқап аралаған жолдар тас бекітілгенде қияметтің қыл көпірінен өткендей күй кешеміз», - дейді олар.

Ауылы аралда қалғандай өмір сүріп жатқан 300 адамның жанайқайына құлақ асар  жан болмапты. Талай табалдырықты тоздырып әкім-қаралардан көңілі қалған олар қираған көпір басына жиналды. Ашулы жұрттың өкпе-назын тілшіміз тыңдап қайтты.

100-ге тарта түтіні бар Заурал ауылындағылар жол машақатын әбден тартқан. Ауылдан ауданға шығатын жалғыз жол – көпірді су шәйіп кеткелі 8 жыл болыпты. Тұрғындар содан бері басшыларға шағымданумен келеді.

Талай жылғы сергелдеңнен жұрт қажыған. Олар енді бюджеттің  миллиондаған қаржысын күтпейді. Тым болмаса, әлі де сол маңда жатқан көпір бетондары мен тіректерін құрастырып, техника берілсе, көпірді өздері жасап алуға дайын. Өйткені алда қыраулы қыс. Нағыз жол азабы сол кезде басталады. Әсіресе студенттер ауылға келе алмайды, келсе кете алмайды. Мұндағылардың денсаулығына да алаңдайтын жан жоқ. Дәрігері мен дәрісі жоқ ауылға  қыстай ешкім ат ізін салмайды екен.

Сергей Миллер, Заурал ауылының тұрғыны:

- Қыстай ауыл болып жанармайға ақша жинап техника жалдаймыз. Ауру-сырқау болады, қаладан азық-түлік, киік-кешек алуымыз керек. Әкімдер жолды ашып, есеп беруге келіп кетеді. Көпір керек деп жазып алады. Сосын келер жылы тағы солай. Су, дәріхана, ғаламтор деген атымен жоқ. Айтсаң тағы бәле болады. Қазір осы жерге түгел ауыл келер еді. Бірақ қорқады.

Маған тіпті сес көрсеттіңіз. Бәріне қоқан-лоққыны сіз көрсетіп отырсыз! Ал халықтың алдында түк айта алмайсыз...

Тұрғындарға  ауыз ашқызбай қорқытып жүрген ауыл басшысы көрінеді. Толқын Бүжбанов тура сол көпір құлаған жылы әкім болып тағайындалған. «Сегіз жылда  қоқаңдағаннан басқа түк бітірген жоқ», - дейді тұрғындар. Ал ауданнан жеткен шенеунік айды аспаннан бір-ақ шығарды. Ол алып көпірді қыс түспей жасатып беремін деп тұр.

Қанат Иманқұлов, Біржан сал ауданы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Көпірді биыл істейміз. Ол үшін сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Сосын жұмыстарды істейміз.

- Үлгересіздер ме?

- Үлгереміз!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде