{metadescription}
Қара алтынның үстінде отырған Маңғыстауда автогаз тапшы
Қара алтынның үстінде отырған Маңғыстауда автогаз тапшы

Қара алтынның үстінде отырған Маңғыстауда автогаз тапшы

Қара алтынның үстінде отырған Маңғыстау облысының көлік жүргізушілері автогаздан тарығуда. Әсіресе Жаңаөзен мен Ақтау қалаларындағы газ құю бекеттерінде таңнан бері ұзын-сонар кезек. Қолма-қол ақшаға сұйық отынды санаулы жерден ғана сатып аласың.

- Жаңаөзен. Сағат тоғыз жарым. Газ жоқ. Қалада тек екі бекет бар. Оның өзін жаңа ашқан.

Маңғыстаулық жүргізушілер газ іздеп осылай сабылып жүр. Амалдың жоқтығынан сағаттап кезекке тұруға мәжбүр. Онда да қала бойынша бір-екі бекет жұмыс істейді. Қалғандары күндік нормасын орындап тастап, бекетін жауып қойған.

Ал аймақтағы Энергетика басқармасындағылар бұл айда жаздағыдай емес, көлік қозғалысының көбейгенін айтады. Карантин тәртібі жеңілдегелі бері газға деген сұраныс артқан. Сондықтан қос қалаға күніге бөлінетін сұйық отын көлемін 60-70 тоннаға арттырамыз деп отыр. Бірер күнде аймақта сұйытылған газдан тапшылық болмайды деп сендіреді.  

Бауыржан Ерпан, Маңғыстау облыстық Энергетика және ТКШ басқармасының маманы:

Қазір біз графикке өзгеріс енгізіп, бұрынғы қалыпқа келтіріп жатырмыз. Сонымен қоса қосымша сұйытылған газын бөлейін деп жатырмыз, жоспарлап отырмыз. ШҚУ-дан келген мөлшерді кәсіпкерлерге, жоқ газ желісі ұйымдарына, тиісінше газ желісі ұйымдары кәсіпкерлерге бөліп береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде