ШҚО: 40-тан астам көлік қар құрсауында қалды
Шығыс Қазақстан облысында жауған қар жұртты әуре-сарсаңға салды. Көктайғақ салдарынан Өскемен-Риддер бағытындағы көліктер жолда қалып, жолаушылар діттеген жеріне жете алмай әлек.
Автор: Ұлан Нұрахмет
08.10.2020
Табиғат бір күнде бұлай тосын мінез көрсетеді деп ешкім ойламаса керек. Жүргізушілер жазғы дөңгелегін қысқыға ауыстырмаған. Ал жауған ақұлпаның қалындығы 15-20 сантиметрге жетті. Сөйтіп 40-тан астам автокөлік қар құрсауында қалды. Ал жүрмекші болған жүргізушілердің кейбіреуі сырғанап жолдан шығып кеткен. Дегенмен құтқарушылардың айтуынша, алғашқы қар мен көктайғақтан адамдар зардап шеккен жоқ.
Дәурен Ағажаев, ШҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары:
- Көлік кептелісінде қалған жүргізушілерге вахтовка келіп жетті. Жолаушыларға жолды қардан тазалағанға дейін жылы жерде күтуге жағдай жасалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!