{metadescription}
Тоқаев: БҰҰ-ның бітімгерлік операциясына баруға дайынбыз
Тоқаев: БҰҰ-ның бітімгерлік операциясына баруға дайынбыз

Тоқаев: БҰҰ-ның бітімгерлік операциясына баруға дайынбыз

Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының бітімгерлік операцияларына сарбаздарын тағы жіберуге дайын. Негізінен бұл инженер-сапер, барлаушы мен әскери дәрігерлерге қатысты. Бүгін Алматы облысына барып бітімгерлік күштердің дайындығын көрген президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді.

Жаттығуға мыңнан астам әскери қызметкер мен жүзден аса техника қатысты. Шара барысында олардың гуманитарлық жүк тиелген колоннаны алып жүру кезіндегі іс-әрекеттері пысықталды. Президент бұл азаматтардың халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлкен үлес қосқандарын атап өтті.

2007-жылдан бері қазақ сарбаздары Біріккен ұлттар ұйымының Непал, Кот-д'Ивуар, Батыс Сахара мен Ливандағы бітімгерлік миссияларына қатысқан. «Әсіресе қазақстандық ротаның Ливанға жіберілуі еліміздің бітімгершілік әлеуетін нығайтуға жасалған маңызды қадам», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстанның бітімгерлік ротасы Ливанға алғаш 2018 жылдың қазанында аттанған. Әскерилер жарты жыл бойы аймақта бейбітшілікті сақтауға ат салысты. 2019 жылдың мамырында олардың орнына екінші бітімгерлік топ жіберілді. Ал үшінші рота Ливанға өткен жылдың қарашасында аттанған болатын. Төртінші бітімгершілер полкі осы жылдың тамызында жолға шықты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазір өз жауапкершілік аймағының бақылау-өткізу бекеттеріндегі әскери міндеттерін қазақстандық бітімгерлер ротасының төртінші құрамы атқаруда. БҰҰ бітімгершілік әлеуетінің дайындық жүйесіндегі міндеттер желісін кеңейтуге Қазақстан саперлердің, әскери медицина қызметкерлерінің, барлау және әскери полицияның арнайы бөлімшелерін ұсынды. Бұл бөлімшелер қазіргі бітімгершілік операцияларында жоғары сұранысқа ие.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде