{metadescription}
Қырғызстандағы саяси ахуал
Қырғызстандағы саяси ахуал

Қырғызстандағы саяси ахуал

Қырғыз депуттарының президентке импичмент жариялау туралы бастамасы аяқсыз қалды. Себебі, Жоғарғы Кенештің жаңа сайланған төрағасы мемлекет басшысын тақтан тайдыратын құжатқа қол қоюдан бас тартқан. Ал үш күннен бері ел алдына шықпаған Сооронбай Жээнбеков тасада жатып тағы бір үндеу жасады.

Саяси тығырыққа тірелген елді тұңғиықтан шығаруға президент оппозиция өкілдерімен бітімге келуге әзір. Тіпті түрмеден босап шыққандар мен мемлекеттік қызметтерді өзара бөліп алғандарды да заңдастырып беруге дайынмын дейді Жээнбеков. Алатаудың арғы бетіндегі саяси ахуалды Диас Нұрақын айтып береді.

Президентке импичмент жариялау үшін Жоғарғы Кенеш депутаттары жұрттан жасырынып жиын өткізген еді. Алайда депутаттардың ойы бір жерден шықпады. Жоғарғы Кенешке жаңадан төраға болып сайланған Мықтыбек Абдылдаев Сооронбай Жээнбековке импичмент жариялау туралы құжатқа қол қоюдан бас тартқан.

Елдегі жағдайды президент бақылаудан шығарып алған. Тіпті Сооронбай Жээнбеков бүлік басталғалы ел алдына да шыққан жоқ. Бірақ әлеуметтік желі арқылы халқына үндеу жолдаудан жалығар емес. Осымен үшінші рет мәлімдеме жасаған президент оппозиция өкілдерімен бітімге келуге әзір екенін жеткізді. Тіпті тұтқыннан босап шыққан саясаткерлер мен мемлекеттік қызметті өз беттерінше басып алғандардың лауазамын да заңдастырып беруге дайынмын дейді.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының президенті:

- Құрметті саяси күштер жетекшілері! Саяси тұңғиықтан шығу үшін мен президент тарапынан кез келген қадамға даяр екенімді тағы бір мәрте білдіремін. Қазір болып жатқан қызмет алмасулар мен легетимдестіру үшін тиісті жарлықтарға қол қою керек. Құрметті мекендестерім, сіздердің сабырлы болуларыңызға тағзым етемін. Саяси күштерден нақты қадамдар күтемін

Президенттен еш қайыр болмағасын, әкім-қараларын халық өздері сайлап жатыр. Бүгін Бішкек мэриясының алдына жүздеген адам жиналып, Азиз Суракматовтың қайтадан мэр болуын талап етті. Осылайша үш күнде Бішкекте үшінші басшы ауысып, Суракматов бұрынғы қызметіне қайта кірісті. Ал бүлік басталғанда қашып кеткен Ішкі істер министрінің қайда екенін ешкім білмейді. Өзін ішкі Істер министрімін деп сайлап алған Курсан Асанов бүгін бұрынғы министрді жерден алып жерге салды.

Курсан Асанов, Қырғыз Республикасы ІІМ міндетін атқарушы:

- Жоғалып кетті. Ол жоқ. Тастап, қорқақтарша қашып кеті. Министр орынбасары үш күн ауырған. Кеше шықты.   

Премьер-министр Қуатбек Бороновтың да қайда екені белгісіз. Сооронбай Жээнбековтың да қай қалада жүргенін тірі жан білмейді. Сондықтан Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің бірінші орынбасары «сақтықта қорлық жоқ» деп, шекараны түгел жаптырып тастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде