{metadescription}
Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру үшін не жасады?
Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру үшін не жасады?

Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру үшін не жасады?

Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру үшін наурыз айынан бері 232 миллион доллар интервенция жасаған. Бас банк өкілдерінің айтуынша, валюта нарығы еркін айналымға кеткелі алғаш рет араласып отыр.

Биылғы алғашқы үш айда мұнай нарығы мен дамушы елдерден келетін сыртқы әсерлер теңгені біраз шайқатты. Сондықтан төл ақшамызды тұрақты ұстау үшін биржада алтын-валюта активтері сатылған. Ұлттық банктің бұл әрекетінен бөлек, бюджетке кепілді трансфертті қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан шамамен 551 миллион доллар сатылған. Одан бөлек, осы қыркүйекте тағы 300 миллион долларға квазимемлекеттік сектор субъектілері сатылған.  Соның бәрін есептей келгеннің өзінде доллар бәрібір 420-дан 431 теңгеге дейін өскен. Ал рубльге қысым жасайтын Ресейге ғана тән санкциялық факторлар теңгеге әсер етпейді дейді Ұлттық банк өкілдері. Олардың ойынша, теңге тағдыры негізінен мұнай бағасына тәуелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде