{metadescription}
СҚО: Тұрғындар тірі құсының көзін жоюға рұқсат берді
СҚО: Тұрғындар тірі құсының көзін жоюға рұқсат берді

СҚО: Тұрғындар тірі құсының көзін жоюға рұқсат берді

Құс тұмауы басталған Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ауыл тұрғындары мамандарға қолдарындағы тірі құстарының көзін жоюға рұқсат етті. Бұған дейін қарсылық білдіріп келген бұқара қауіпсіздік үшін биліктің дегеніне көнуге мәжбүр болыпты.

- Қажет болса көнеміз. Эпидемия, тұмау тағы не бар, оған қарсы келе алмаймыз ғой. Ауылда үй құстары қалмады десе де болады. Көбі алдын ала барын бауыздап, ішіп-жеп қойды.

Тексерушілер карантинге жабылған Якорь мен Бескөлде үйді-үйді аралап, тіркеудегі барлық үй құстарын алып кетті. Тіпті мамандар «иесі жасырып қалды ма?» деген күдікпен, қайтара қора-қопсыны қарап шығуға да ерінбеді. Бұл топтың арасында полицейлер де жүр.

Өңірде 156 ауладан 8600 үй құстары тәркіленген. Жоғарыда айтылған екі ауылдың өзінен 3 мың құстың көзі жойылды. Ал аймақта 200 мың бас құс қырылып қалған. 41 ауылда карантин енгізілді. Тағы үш елдімекен де осы тізімге қосылуы ықтимал. Себебі, мұнда бір тәулікте 95 құс өлген. Ал мамандар ауру ошағы анықталған аумақтардағы барлық құстар өлтірілуі мүмкін дейді.

 

Марат Ибраев, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау мен қадағалу инспекциясының аумақтық жетекшісі:

 

- Қазір тұрғындар бұған түсіністікпен қарай бастады. Басында келіспеушілік болған. Сосын түсіндірме жұмысын мықтап жүргіздік. Олар бұл амалсыз қадам екенін ұқты. Енді қарсы болып жатқандар жоқ. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде