{metadescription}
Екінші тоқсанда сабақ қалай өткізіледі?
Екінші тоқсанда сабақ қалай өткізіледі?

Екінші тоқсанда сабақ қалай өткізіледі?

Алматы әкімдігі екінші тоқсанда сабақтың қалай өтетінін айтты. Індет жұқтырғандардың қатары азайып қауіп сейілген жағдайда мектеп оқушылары жаппай сыныбына оралуы мүмкін. 

Қазіргі кезде Алматыда оқушылардың 96 пайызы қашықтан оқып жатыр. 923 кезекші сынып ұйымдастырылып, балалар онда үйреншікті жағдайда білім алуда. Әзірге сыныптар толық емес. Тек оншақты баладан отыр. Десе де мектептер жақын күндері қайтадан оқушыларға лық толуы мүмкін. «Эпидемиялогиялық жағдай жақсарған жағдайда, екінші тоқсанда балалар лек-легімен мектепке орала бастайды», - дейді білім басқармасындағылар. Алғашқы болып 1 мен 4-сынып оқушылары, ал екінші лекте 5 пен 11-сынып оқушылары партаға отырады.

Қазір оқушылардың арасында ковид-19 жұқтырған 8 бала есепте тұр. Ал кезекші сыныптарда індетке шалдығу жайты тіркелмеген.

Қайрат Жұманов, Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Қаладағы эпидемиологиялық ахуал дұрысталып, індет жұқтырғандардың саны азайған жағдайда мектептерді аша бастаймыз. Бірақ, бірден емес. Сыныптар біртіндеп ашылатын болады. Санитар мамандармен келісіп отырып қабылдаймыз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде