Талдықорғанда жезөкше жігіттер ұсталды
Сылқымдарға сатылған! Талдықорғанда қыз-келіншектерге жыныстық қызмет көрсеткен жезөкше жігіттер ұсталды. Оған қоса, полицейлер «секс серілерін» ұсынған монша кешеніндегі 33 жастағы әкімші-жеңгетайды да қолға түсірді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
13.10.2020
- Братан керек емес!
- Не керек емес, не үшін?
- Есімің кім сенің?
- Бақыт...
Бақыт есімді бұл жігіт кезекті клиентінің мауқын басып жатқан сәтінде әрекеті әшкере болып, полицейлер сау етіп үстінен түскен. Қалтасынан «қызметіне» алған ақша да тәркіленді. Ол секілді жезөкше еркектердің нөмірін моншаның әкімшісі сұрау салғандарға беріп отырған. Осылайша сауықты көзден таса – тер шығаратын жерде іздеген әйелдердің жолын ақша үшін төсекке жатар жігіттермен тоғыстырып отырған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:
- Әкімші және жезөкше жігіттер дәл іс үстінде құрықталған. Бұл фактімен ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі, яғни жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастыру және притон ұстау дерегімен қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!