Egov: Өлгенде ағза доноры болуға алдын ала өсиет қалдыруға болады
Қазақстандықтар бұдан былай өмірден өткеннен кейін ағзасын пайдалануға рұқсат бере алады. Өлгеннен соң да ағза доноры болу мүмкіндігі бар. Мұндай өсиетін Egov электронды үкімет порталында қалдыруға болады.
Автор: Ербол Тұрымбет
13.10.2020
Ол үшін электронды үкімет порталында ыңғайлы функция ұсынылған. Кез келген адам өлгеннен кейін де ағза доноры болғысы келсе, «Денсаулық сақтау» бөлімінде келісім қалдыруға мүмкіндігі бар. Яғни, терісін, не басқа да дене мүшесін трансплантация жасауға келісім береді. Немесе одан бас тартуға да құқылы.
Биыл мамыр айында заңға тиісті өзгерістер енгізілген. Ол қоғамның қызу талқысына да түсті. Осыған дейін мұндай келісім беру тәртібі тек емханаларда жасалатын. Енді ол қызметті әркім үйінде отырып-ақ онлайн рәсімдей алады. Тек нақты қандай мүшеңізді беруге келісетініңізді көрсету керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!